Сені не күтіп тұр?
20% теория + 80% практика
шынайы жобаларға негізделген оқу мен жұмыс
Тәжірибелі менторлар
hard- және soft-скилл бойынша мықты оқу бағдарламалары бар тәжірибелі лидтар мен сеньорлар
Жайлы кеңсе
Оффлайн оқу мына мекенжайда: Алматы қ., Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 502, «Тұрар» БО
Оқып жүріп стипендия аласың
оқу кезіндегі айлық сыйақы бәсекелес еңбекақыға тең
Бұл оқу:
теориядан жалығып, практиканы қалайтындарға
IT-да алғашқы толыққанды жұмыс іздеп жүргендерге
қарқынды оқу мен жұмысқа аптасына 40 сағат бөле алатындарға
шашыраңқы білімі бар, бірақ оны жинақтап әрі білмейтінін білгісі келетіндерге
жай ғана оқу емес, IT саласында көтерілгісі келетіндерге арналады
Бағыттар
Backend Java & Kotlin
Backend PHP
Frontend
Мобильді қосымша
Жүйелік/бизнес-талдау
Тестілеу
1С-тегі әзірлеме
DevOps
Data Engineering
Сен игеретін технологиялар
Laboratory 3.0 менторлары
IT-джедаилар мен сенің болашақ әріптестерің
Игорь Насибянц
Lead Back-End Developer жұмыс өтілі – 13 жыл
Үнемі оқу, көру, қателесу әрі сұрақ қою – бұл қалыпты жағдай! Мен «лаборанттарға» үнемі айтамын: орынсыз сұрақтар болмайды – қойылмаған сұрақтар болады.
Алексей Канашевич
Senior IT-архитектор жұмыс өтілі – 20 жыл
Шала жұмыс - жасалмаған жұмыс. Үздік практикалық білімді тек шынайы жобаларда алуға болады. Сондықтан жұмыс жасау керек.
Валерий Бортулев
Lead QA жұмыс өтілі – 7 жыл
Тез өзгеретін технологиялар икемді болуды әрі білімді үнемі жаңартып отыруды талап етеді. Командада жұмыс жасау, жаңа талаптарға бейімделу әрі мәселелерді тиімді шеше білу IT саласында табысқа жетуде басты рөл атқарады. Осының барлығын, заманауи стекпен қоса, «лаборанттарға» теория жүзінде емес, практикада үйретуге талпынамыз.
Андрей Пухов
Lead DevOps/SA жұмыс өтілі – 5 жыл
Сүйікті фразам: «Бәрінен аздап білген, аздап барлығын білген жөн». Бұл DevOps білім концепциямызды жақсы айшықтайды. Қолданылатын технологиялардың жалпы стегі көптеген жақын бағыттар туралы терең білімнің керектігін түсіндіреді. Сондықтан әзірлеуші, тестілеуші, ақпараттық қауіпсіздік маманның жұмысын сөз жүзінде емес, іс жүзінде білу маңызды.
Біз туралы
Laboratory 3.0
Бұл FinTech және банктер үшін IT-мамандарды дайындау саласындағы жетекші компания болып табылатын Solva Technology жобасы.
Біздің тәжірибелі менторлар және индустриялық сарапшылар нарық пен технологиялық тенденциялардың өзекті талаптарына негізделген оқу бағдарламасын жасады.
Біз IT-джуниорларға сұраныстағы маман болуға көмектесетін заманауи теориялық білім мен практикалық дағдыларды ұсынамыз.
Біз арқылы жұмысқа орналасқан
Лаборантттардың пікірлері
Laboratory 3.0-ге қалай түсуге болады?
Тіркелу формасы
Жиі қойылатын сұрақтар
Біз мамандықты барынша меңгеруге көмектесеміз. Лаборанттар 5/2 толыққанды жұмыс уақытын қарастыратын оқу келісімшартын жасап, ай сайын жалақы алады, жұмыс ортаны қалыптастырып, инфрақұрылымдық сервистерді қолданады, дәрістерді тыңдап, әңгімелесуге қатысады, тәжірибелік жаттығуларды орындайды
Курстарға қарағанда Laboratory 3.0-де ментор тек лекция оқып, тапсырмаларды тексеріп қоймайды, ол дағдылардағы немесе жұмыс тәсіліндегі жүйелік мәселелерді анықтайды, оларды шешуге барынша күш салады. Сондай-ақ, толық жұмыс күніне берілген ментор тек «техника» үшін жауап бермейді, өмірлік дағдыларға да жауапты. Мысалы, әріптестер және басшылармен қалай жұмыс жасау керек, тапсырмаларды қалай орындау, қайсысына көбірек назар аудару қажет, IT-да нәтижелі жұмыс жасау үшін қандай қасиеттер керек.
Дайындау бағыттарының әрбіреуіне нарықта өзекті техникалық әрі процестік шешімдерді ескеретін жеке оқу бағдарламасы әзірленген. Оқу бағдарламасы ІТ-джуниордың оқуды игеруге қажетті базалық білім мен дағдысы бар деп есептейді. Мысалы, Java-инженерге оқыту бағдарламасы Java бағдарламалаудың базалық деңгейі барын, мәліметтердің реляциялық базасымен жұмыс жасаудың базалық принциптерін, SQL тілін қоса білуін және Spring MVC фрейворкті қолданып қарапайым Web-қосымшасын жасай білуін талап етеді.
Үміткердің тестілік тапсырманы орындауға қажетті дағдыларды меңгеру деңгейі арқылы тексеріледі. Оны оқуды жүргізетін тәжірибелі маман тексереді. Тестілік тапсырманы сәтті орындағаннан кейін үміткер техникалық сұхбаттасудан өтеді, оның шеңберінде ТТ бойынша нақтылайтын сұрақтар арқылы базалық дағдыларды білу мақсатында әңгімелеседі, сондай-ақ коммуникативтік, «жұмсақ» дағдылар тексеріледі.
Laboratory 3.0 – бұл аптасына 5 күн 8 сағаттық жұмыс болғандықтан, жас маманмен жалақысы көрсетілген оқу келісімшартын жасалады. Қызметкерге техника, жұмыс орны беріледі және сынақ мерзімі барысында лекциялық және практикалық сабақтар түріндегі қабылданған технологиялық стек бойынша оқудан өтеді. Мамандыққа терең үңіліп, үлкен компанияда жұмыс жасау дағдысы үйретіледі.
Сұрақтарыңыз қалды ма?
laba@solvatech.kz поштамызға жаз
БАҚ біз туралы
Solva Group открывает лабораторию для подготовки ИТ-специалистов
Solva Group ltd завершила регистрацию дочерней компании Solva Technology на площадке технопарка Astana Hub. Компания будет заниматься подготовкой квалифицированных IT-специалистов для дальнейшего трудоустройства.
Ведущий финтех Казахстана Solva Group открывает лабораторию для подготовки ИТ-специалистов
Первым проектом Solva Technology стала Laboratory 3.0 – программа подготовки специалистов по самым востребованным IT-направлениям – Java/Kotlin Backend Development, QA Manual, QA Automation, Business Analysis, DevOps, Mobile Flutter Development, Frontend ReactJs Development, Data Engineering.
Solva Technology продолжает набирать начинающих IT-специалистов в Laboratory 3.0 для работы и обучения
IT-компания Solva Technology, центр разработки Solva Group ltd и член Astana Hub, продолжает набор начинающих Backend-разработчиков на Java/Kotlin и DevOps-инженеров в проект Laboratory 3.0.